Мәңгі өмір сүргіңіз келе ме?

Өмір эликсирін жасап шықтық деген ақпарат бар... Бұған не дейсіздер?

Мәңгі бір және бар Алла Тағаланың құдіретінен пенденің құдіреті асқан ба? "өлім мен кәріліктің емі жоқ"!!!

Өз жеке пікіріме келсем, бұ дүниеде мәңгі қалуды қаламас едім, ойлаудың өзі қорқынышты - таң атады, кеш батады, төрт мезгіл шыр айналып келеді де тұрады, замандас азайған, бәрі жаңарған, ал мен әлі жүрем бе, өй, Алла берген өмірімді сүріп, абыроймен аттансам болар, бұл жалғанда мәңгі өмір сүрмей, жәәәәй ұзақ жасасам да жетеді :D...
Меніңше, ол мүмкін емес. Әйтеуір, не ерте емес, не кеш емес, өз уақытында адам баласы өмірімен қоштасады ғой.
Мәңгі өмір сүргім келмейді. Өмір мәнді етіп өткізсең, қысқа емес...
мен де мәңгі өмір сүргім келмейді.. Бұл тақырып кеше фесбукта бір кәрі әженің суретін көрген соң еске алып отырмын.
Ұзақ өмір сүргім келмейді, алла қанша жас жазса соны көргім келеді. Құзғын болғаннан не пайда жақындарың, достарыңда құзғын болмағанннан кейін
Манги омир сургим келеди егер олмейтинимди билсем онда адамзатка комек беруге арнар едим сол омиримди
"Айка Б." Ұзақ өмір сүргім келмейді

:D :D Алла сізге ұзақ та мәнді, бақытты ғұмыр берсін!
Жоқ, осы бұйырған өмірім аяқталсыншы, басқасы керек емес... Көөөөп қиындық көргендей айттым ба?
Құрсын, жоооқ)