Тіс туралы не білеміз?

— Адамның тісіне алғаш ат берген Гиппократ. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептегендіктен «сүт тіс» деп атаған.

— Шоколад құрамындағы какао тісжегінің дамуына бөгет болады.

— Жапондардың пайымдауынша, тісті күніне үш мәрте тазалау артық салмақтан арылуға септігін тигізеді.

— Тіс үшін ең қауіпті спорт — хоккей. Кәсіби хоккейшілердің 68 пайызы алаңда бір рет болса да тістерінен айырылған.

— Ағзадағы кальцийдің 99 пайызы тісте.

— Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы зерттеу бойынша, тіс щеткасының 3000 түрлі үлгісі ойлап табылған.

— Род-Айленд (АҚШ) заңы дүкендерде тіс щеткаларын сенбі күні сатуға тыйым салады.