Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Ең пайдалы азық-түліктер

Ең пайдалы азық-түліктер

Здоровье

Ең пайдалы азық-түліктер

Хабарлама Жас Исакаев » 28 ақпан 2016, 11:17

Forbes басылымы өз оқырмандарының назарына ең пайдалы өнімдер тізімін ұсынды. Сарапшылар азық-түліктердің қаншалықты пайдалы екендігін олардың құрамындағы обыр, инфаркт пен инсульт секілді сырқаттардың алдын алатын, қан қысымын қалыпқа келтіретін дәрумендер мен минералдардың мөлшеріне қарай бағалады. Аталған өнімдер дастарқаныңызда үнемі тұратын болса, бұл ұзақ әрі саламатты өмірге кепіл.

Аталмыш тізімге алдымен таңқурай, қаражидек, бүлдірген секілді жидектер енгізілді. Құрамындағы антиоксиданттардың, жасұнықтардың, обырға тосқауыл болатын эллага қышқылының және майының жоқтығы арқасында бұлар бізге аса пайдалы.

Ал бұршақ тұқымдастар және жаңғақтар онкологиялық сырқаттарға, қантты диабетке, артық салмаққа қарсы тұра алады.

Күнделікті дәмнің тағы бір маңызды бөлігі — майлы балық. Ол қан қысымын, жүрек-қан тамыр жүйесін қалыпқа келтіреді, ми жұмысын белсенді етеді. Жануар тағамдарының ішіндегі ең пайдалысы — жұмыртқа. Оны пісіріп, бірақ сәл шикілеу жеген жақсы. Брокколи мен пекин орамжапырағы тәндегі уыттарды тез жеңеді және обырдан қорғайды.

Пияз бен сарымсақ иммунитетті күшейтіп, адамның жалпы жағдайын жақсартады. Алайда бұларды тамаққа қосып, піскен күйінде емес, шикілей жеген пайдалы.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1