Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Көздің көргіштігін жақсартатын жаттығулар

Көздің көргіштігін жақсартатын жаттығулар

Здоровье

Көздің көргіштігін жақсартатын жаттығулар

Хабарлама Жас Исакаев » 21 қаңтар 2016, 18:15

Назарларыңызға көздің көргіштігін жақсартатын бір топ жаттығуды ұсынып отырмыз.
1. Көзді солға және оңға көлденең қозғалту.

2. Көз алмаларын тігінен жоғары-төмен қозғалту.

3. Көздерді айналдыра қозғалту: сағат тілінің бағытымен және қарама-қарсы бағытта.

4. Көздерді жылдам қарқынмен қатты жұмып-ашу.

5. Көздерді диагоналынан қозғалту: сол жақ төменгі бұрышқа, сосын кері қарай жоғары жылжыту. Екінші көзге де дәл осы секілді жасайсыз.

6. Көздерді мұрынға қарату. Бұл үшін кеңсірікке саусағыңызды тақап, көздеріңізді саусақ бойымен тігінен жоғары жылжытыңыз.

7. Көзді жиі жыпылықтату.

8. Көздерді қашыққа қарату. Терезеге жақындап, анық көрінетін, жақын тұрған детальға қараңыз: терезенің әр жағында өсіп тұрған ағаш бұтағына, әйнектегі сызыққа. Әйнекке кішкентай қағаз жапсырып қоюға да болады. Сосын көзіңізді алысқа тастап, барынша алыс тұрған заттарды көруге тырысыңыз.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1