Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Суық тигізіп алсаңыз...

Суық тигізіп алсаңыз...

Здоровье

Суық тигізіп алсаңыз...

Хабарлама Жас Исакаев » 11 қаңтар 2016, 17:03

Егер сізге суық тиіп, дене қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде терлеуіңіз керек. Ол үшін басым көпшілігіміз аспирин, парацетоамол немесе басқа да дәрі-дәрмектердің көмегіне жүгінеміз. Ал біз бүгін сіздерге өсімдіктермен тер шығарудың жолын ұсынғымыз келіп отыр.
Кептірілген таңқурай жемісінен тұнба жасап ішіңіз. Жарты стақан жемістің үстіне қайнаған су құйып, 20 минут өткен соң іше беруіңізге болады.

Жөке гүлінің тұнбасы: гүлдің бір шай қасығын суға салып қайнатып, 30 минутқа қалдырыңыз. Түнбаны күніне 2-3 рет немесе ұйықтар алдында бір рет тұтыныңыз.

Тер шығарғыш тұнба №1. Таңқурай жемісі мен жөке ағашының жапырағын қосып, қайнатыңыз. Болған соң салқындағанын күтіп, 3-4 күнде ½ стақаннан ішіңіз.
Тер шығарғыш тұнба №2. Жөке гүлі мен өгейшөп жапырағын араластырып, бір стақан су құйып қайнатыңыз. 20 минут өткен соң жылы шай ішкендей ішіңіз.

2 грамм камфораны 100 мл спиртпен араластырып, оған 250 мл сірке суын құйып, ұйықтар алдында осы қоспамен арқаңызды, кеудеңізді сүртіп жатыңыз.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1