Холецистит ауруының алдын алыңыз

Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын аш қарынға екі алмұрт жеуіңіз керек. Сонымен қатар жабайы алмұрттан компот қайнатып ішуіңізге болады. Бірақ қант қосудың қажеті жоқ.

Тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына ½ шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз. Немесе сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қалдырып, тұтынуыңызға болады.

Сонымен бірге мынадай қоспа дайындап үйреніңіз: 1 қасық ашытқы, 2 шай қасық қант, 1 стақан су, 1 стақан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салуыңыз қажет. Дайын болған соң күнде таңертең кілегей майын қосып жеңіз.

Бұл әдіс тек холецистит емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларына қарсы күресіп, алдын алуға көмектеседі.