Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Тұзбен емделіңіз

Тұзбен емделіңіз

Здоровье

Тұзбен емделіңіз

Хабарлама Жас Исакаев » 28 желтоқсан 2015, 18:49

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін бұған дейін білдіңіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

1. Ангина
1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз.

2. Жөтел
1 стақан ауыз суды 1 шай қасық ас содасымен араластырып, қоспаны аш қарынға тұтыныңыз.

3. Сүйек пен тамырдағы аурулар
1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.

4. Тісіңіздің амандығы
Тісіңізді аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын соруыңыз керек. Ол тек тесіңізге емес, қызыл иегіңізге де пайдалы.

5. Артық салмақ
2 кг қайнатылған немесе теңіз тұзын жылы су толтырылған ваннаға салыңыз. Сосын сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1