Денсаулығымызға қатысты қызықты деректер

1. Осы сөйлемде оқып отырған сәтте сіздің тәніңіздегі 50 000 мың өліп, жаңа жасушаларға ауыстырылды.

2. Түшкіргенде организмнің барлық қызметтері, тіпті жүрек те тоқтап қалады.

3. Адам жүрегі бүкіл өмір бойы 48 миллион галлон қан айдайды.

4. Адам бас сүйегі әртүрлі 29 сүйектен тұрады.

5. Адам денесіндегі қанмен қамтамасыз етілмейтін жалғыз бөлік — көздің қасаң қабығы. Оттегіні ол тікелей ауадан алады.

6. Жеті айға дейін адам бір мезгілде тыныс алып, жұтына алады.

7. Нерв импульсі миға дейін сағатына 274 км жылдамдықпен жылжиды.

8. Адам еріндері саусақ ұштарынан жүздеген есе сезімтал. Сүйісу кезінде тамыр соғысы минутына 100-ге дейін және одан да көп жиілейді.

9. Тіс — адам тәніндегі өздігінен қалыпқа келмейтін жалғыз бөлік.

10. Адам тәнінде өмір сүретін бактериялардың орташа салмағы — 2 кг.

11. Адамның шашы өмір бойына шамамен 725 км өседі.

12. Кіндіктің ғылыми атауы — умбиликус.

13. Адам тәнінде кемінде 700 фермент бар.

14. Бактериялардың 1 пайызы ғана адамда сырқаттар тудыра алады.