Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Ұйықтар алдында ауыр жаттығулар жасауға болмайды

Ұйықтар алдында ауыр жаттығулар жасауға болмайды

Здоровье

Ұйықтар алдында ауыр жаттығулар жасауға болмайды

Хабарлама Өмірбек Сансызбай » 14 желтоқсан 2015, 21:27

Ұйықтар алдында белсенді қимылдап, ауыр жаттығулар жасауға болмайды. Бұл туралы зерттеу жүргізген Англияның Лафборо университетінің ғалымдары хабарлауда.

Ұйықтар алдында белсенді қимылдау ұйқыға кері әсер ететінін психологтар баяғыда дәлелдеген. Ағза түгелдей белсенді жұмысқа кіріскен соң, адамды көп ұйқы қыспайды. Сондықтан да ұйқы ережесінің дұрыс сақталуы үшін тым кеш жасалатын жаттығулардан бас тартқаныңыз абзал. Егер сіз кешкісін жүгіріп келуді әдетке айналдырсаңыз, бұл жаттығуды ұйықтардан 2-3 сағат бұрын орындаған дұрыс. Ағза демалып, ұйықтар алдында қандай да бір қиындық болмау үшін бұл уақыт жеткілікті.

Ұйқы ережесі кешкісін жаттығу жасайтын адамдарда жиі бұзылады екен. Ал ұйқының бұзылуы түрлі аурулардың пайда болуына себепкер болады. Мұны ғылым дәлелдеп келеді. Ұйқысы қанбаған адамның иммунитеті төмендеп, ерте қартаюдың белгілері байқалады. Сондай-ақ, ұйқысы қанбаған адам физикалық тұрғыдан әлсірей түседі.
Өмірбек Сансызбай
 
Хабарлама: 173
Тіркелді: 13 қараша 2012, 13:48

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1