Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Бірінші байлық — денсаулық #2

Бірінші байлық — денсаулық #2

Здоровье

Бірінші байлық — денсаулық #2

Хабарлама Жас Исакаев » 14 желтоқсан 2015, 19:06

Басы

1. Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі.

Л. Шеффер

2. Бәзге берілген ғұмыр қысқа емес, оны өзіміз қысқартамыз: біз ғұмырға тапшы емеспіз, бірақ оны ысырап-қорлықпен пайдаланамыз. Егер ғұмырды шебер пайдалана білсек, ол ұзақ.

Сенека

3. Дәрі-дәрмек ауаға қарағанда баяу әсер етеді.

В. Д. Полегов

4. Аурудың асқынған түрі — ауру алдында тізе бүгу.

Кіші Сенека

5. Мен қимыл-қозғалысты кәрілікпен күресудің ең тиімді құралы деп білемін.

В. В. Гориневский

6. Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу — қабілетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген әр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.

Гиппкрат

7. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.

Фуллер

8. Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады.

А. Н. Радищев

9. Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.

И. Гете

10. Жігіттің дені сау болса, сол дәулет.

Құтып

11. Ауру-сырқаудан ау денедұрыс рухтың жемісі болып табылады.

И. П. Павлов

12. Ереже мен еңбек — денсаулықтың кепілі.

Ибн-Сина

13. Мәуітшілер мәуітінің шаңын қалай қағып тазартса, әсемдік қимыл да денені солай тазартады.

Гиппократ

14. Шынығу адамның жастық шағын ұзартады.

Д. Локк

15. Денсаулық кепілі — дене шынықтыру.

М. Я. Мудров
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1