Миға әсер ететін әдеттер

Ми — адам ағзасының ең басты мүшесі. Біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Ал бүгінгі таңда, яғни ХХI ғасырда мамандықтардың басым көпшілігі ақылды керек етеді. Сондықтан біз миымызды қорғауымыз керек. Алайда ақыл-ойымызға кері әсерін тигізетін әдеттер бар. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға соларды ұсынамыз.

1. Таңғы астан бас тарту
Таңғы асын тастап кететін адамдардың қан құрамында глюкоза өте аз болады. Сол себепті бас миыңыздың белсенділігі төмендейді.

2. Артық тамақтану
Егер белгілі бір тәртіппен тамақтанбасаңыз, қан тамырыңыздағы холестерин саны көбейеді. Ол да миға әсер етуі әбден мүмкін.
3. Шылым
Темекі миға кері әсерін тигізеді. Соңғы жүргізілген зерттеу жұмыстарына сүйенсек, темекі Альцгеймер ауруына әкеліп соқтырады.

4. Қантты мөлшерден көп тұтыну
Қантты көп тұтыну арқылы ағзаңызға зиянды зәр, уыттар мен артық салмақ жинайсыз.

5. Ұйқының қанбауы
Егер ұйқысыздыққа ұшырасаңыз, миыңызға зақым келетінін ұмытпаңыз.

6. Есірткі мен ішімдік
Бұл зиянды заттар сізді тәуелді етеді және миыңызды құртады. Оданда кітап оқып, сөзжұмбақ шешіп, шахмат ойнаңыз.

7. Сөзге сараңдық
Үндемей отыра беру де миға әсер етеді. Ал әңгіме айтып, әрдайым белсенді жүрсеңіз, жаңа сөздер үйренесіз, миыңызды жаттықтырасыз.

Ми — біздің байлығымыз. Оны бар жанымызды салып қорғауымыз керек. Сондықтан жоғарыда айтылған зиянды әрекеттерге жоламаңыз.