Нақты мақсаты бар азаматтар жүрек ауруына душар болмайды

Зерттеу жұмыстары 7 жыл бойы жүргізілген. Осы уақыт аралығында мамандар орта жасы 67-ден аспайтын 136 мың адамның денсаулығын жіті тексерістен өткізген.

Зерттеу барысында қатысушылардың 14,5 мыңы о дүниелік болған. Және олардың көбі жүрек талмасынан ажал құшқан көрінеді. Сондай-ақ бақылау барысында қатысушылар түрлі тестілеуден өткен.

Нәтижесінде нақты өмірлік мақсаты барлардың жүрек талмасынан қаза болуы небары 20 пайызды құрайтыны анықталды.