ҚАНТТЫҢ ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

Бүгінде адамдар қант диабеті секілді ауруға балалық шақтан-ақ шалдығатын болған. Ғалымдар дəлелдегендей, диабет бала жастан тамақтану ережелерін сақтамаған адамдарды зақымдайды. Организмнің қант диабетінен қорғанысын тамақтанудың көмегімен қалайша арттыруға болады?

Глюкоза. Біздің денеміздің барлық жасушалары тіршілік ететін энергияны алу үшін қабырғасындағы арнайы «есіктерді» ашып, ішіне глюкозаны енгізуі қажет. Бірақ, қант Диабетінде қанға тағамнан түсетін глюкозаның бөлігі жасушаның ішіне кіре алмай, қан ағымында қалады. Сондықтан, қандағы қант деңгейі жоғары болып қалады.

Организмді глюкозамен қалай қамтамасыз етеміз? Ең дұрыс тəсілі – күрделі көмірсуларға (баяу) бай көмірсуларды тұтыну. Бұл – тұтас, тазартылмаған дəнді дақылдар (қарақұмық, сұлы, тары, т.б.), көкөністер мен жемістер, жидектер, бұршақ тұқымдастар. Мұндай тағам қанды глюкозамен баяу жəне біртіндеп қанықтырады, бұл ұйқы безін артық жүктемеден сақтайды.

Күніне қантты 40-50 гр мөлшерде ғана (барлық желінетін өнімдердің құрамындағы қантты қосқанда) тұтынуға болады, ал бір реттік мөлшері 15 гр (2 шəй қасық) аспауы тиіс. Ал тəтті газдалған сусындардың (лимонад, кола, т.б.) бір стақанында 20-40 гр қант ерітілген! Қантты кепкен жемістермен, балмен, бояғыштарсыз жəне қантсыз мармеладпен, пастиламен, зефирмен алмастыру қажет. Бəрінің де шегін білген жөн.Мысалы, балды күніне 1-5 шəй қасық тұтынуға болады.

Ең пайдалы тағамдар – өңделмеген, табиғи өнімдер. Мысалы, қант – пайдалы емес (оны қант қызылшасынан жəне қант құрағынан алады), қызылша – пайдалы; ұн өнімдері пайдалы емес (ұнды тазартылған дəнді дақылдарды ұсақтап тарту арқылы алады), тұтас дəнді дақылдардан жасалған тағам пайдалы; шұжық пайдалы емес те, ет пайдалы; балмұздақ пайдалы емес, табиғи йогурт – пайдалы; чипсылар пайдалы емес, піскен картоп – пайдалы. т.с.с.

Газдалған сусынның орнына – таза суды, батончиктердің орнына жемістерді немесе жаңғақтарды таңдаған жөн. Күніне сүттің немесе ашытылған сүт өнімдерінің 1-2 үлесін тұтыну қажет (сары майды – 2 ас қасық, қаймақты – 20 г дейін, ірімшікті – 60 г дейін). Аптасына 5-6 рет 140-220 гр майсыз етті (тауық етін, т.б.), 1 жұмыртқа, аптасына 2-3 рет балықты тұтынуға болады. Дұрыс тамақтану организмнің көптеген аурулардан, соның ішінде диабеттен де қорғану күшін арттырады.