Пайдалы дәрумендер мен элементтерге бай тағамдар

В1 дәрумені ет өнімдері, жұмыртқа, бауыр, нан, жарма секілді тағамдарда көптеп кездеседі.

В2 дәрумені бауырда, жұмыртқада, ет тағамдарында, асбұршақта, ашытқыда, баданада көп.

В6 дәрумені бұршақты дақылдар мен ет өнімдерін де көп.

РР дәрумені (никотинді қышқыл) немесе В3 дәрумені грек және сұлу жармасының, бидай ұнының, асқабақ, саңырауқұлақ, қызылша көкөністерінің құрамында бар.
С дәруменін барлық жеміс-жидек пен көкөністің құрамынан кездестіруге болады. Бұл дәруменнің ең мықты қайнар көзі – қара қарақат, құлпынай, шабдалы, киви, қызыл бұрыш, өрік, аскөк, ораздық, орамжапырақ, қымыздық жапырағы, долана, картофель және цитрустік жемістер.

D дәрумені балық майы, саңырауқұлақ, ет және жұмыртқа өнімдерінде жиі ұшырасады.

Ал E дәрумені астық өнімдері мен жаңғақтарда көп.

К дәрумені картофель, қызанақ, сәбіз, ақжелкен өсімдіктерінде бар.

Бауырдан, көкөніс жапырақтарынан, бұршақ тұқымдастарынан фолацинді кездестіруге болады.

Ал калийдің қайнар көзі – картофель, жеміс-жидектер және көкөністер.

Фосфор элементі балық, сүт және бұршақ өнімдерінде өте көп.

Натрий ас тұзында бар.

Темірді адамдар көбіне ет өнімдерінен алады.

Йод пайдалы элементін теңіз балығынан кездестіре аласыз.

Ал күнделікті қарапайым суды тұтыну арқылы ағзаңызды фторға байытасыз.