Әрдайым жаныңызда жүруге тиісті 7 дәрі

1. Парацетомол.

Парацетомол әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрінің негізінде панадол, эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Ол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуыңызды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балаларға да, ересектерге де тұтынуға болады. Алайда бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін.

2. Ішіңіз өтсе – лоперамид.

Бұл дәрі сіздің ішіңізге Имодиумнен кем әсер етпейді. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды.

3. Ағзаңыз тітіркенсе (аллергия) – диазолин.

Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы қызмет көрсетеді және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар.

4. Тыныштандыратын – валерьянка.

Валерьянканы қарапайым халық бұрыннан бері қолданылып келеді. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, оның адам денсаулығына әсері көп. Бірақ 12 жасқа толмаған балаларға оны ішуге болмайды.

5. Жүрегіңіз ауырса – нитроглицерин.

Бұл жүрек ауруын басатын дәрі. Сонымен қатар қан тамырларын кеңейтіп, қан ағысын жақсартады. Жүрек қыспасы кезінде де жаныңызда болғаны дұрыс. Алайда бұл дәрінің бір кемшіл тұсы – бас ауруына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

6. Қан қысымыңыз көтерілсе – папазол.

Бұл дәріні көбіне стенокардия мен гипертония ауруларына шалдыққан адамдар ішеді. Папазолдың 2-3 күнде 1 таблеткасын ішсеңіз же жеткілікті. 12 жасқа жетпеген балаларға беруге болмайды.

7. Уланып қалсаңыз – белсендірілген көмір.

Бұл әлемдегі ең танымал дәрілердің бірі. Ішек-қарын жолдарын тазалауға көмектеседі. Бірақ өзіңізбен бірге оның 2 бумасын алып жүруіңіз қажет. Себебі бұл дәріні салмағыңызға қарай ішесіз (10кг – 1 таблетка).