Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Мандарин қабығының пайдасы

Мандарин қабығының пайдасы

Здоровье

Мандарин қабығының пайдасы

Хабарлама Жас Исакаев » 25 қараша 2015, 17:31

Мандарин қабығында эфир майы, фитонцидтер, каротиноидтер, дәрумендер, антиоксиданттар және басқа да пайдалы заттар көптеп кездеседі. Сондықтан оның қабығын лақтырып тастамаңыз.
1. Ішіңіз кеуіп, дисбактериоз болсаңыз.
Кептірілген мандарин қабықтарын кофеұнтақтағышқа салып ұнтақтап, сүзбе, ботқа секілді тағамдарға 1 шай қасықтан қосып жеңіз.

2. Бронх қабынуы кезінде.
2 ас қасық ұнтақталған және кептірілген мандарин қабығына 1,5 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Дайын болған соң бұл тұнбаны күніне 2-3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Міндетті түрде жылытып ішуіңіз керек.

3. Құрғақ жөтел кезінде.
2 ас қасық ұнтақталған қабыққа 1 стақан су құйып, бір апта қараңғы жерде сақтаңыз. Сүзгіден өткізуге ұмытып кетпеңіз. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақтан бұрын 20 тамшыдан тұтынып отырыңыз.

4. Суық тиіп тұмауратсаңыз, жөтелсеңіз ингаляция жасаңыз.
Бір уыс ұнтақталған мандарин қабығын суға салып қайнатып, соның буымен 10-12 минут дем алыңыз. Бірақ бұл әдісті жасап болғаннан кейін 1-2 сағат салқын жерге шықпаңыз.

5. Тырнағыңыз тез сынып қала берсе.
Күніне кем дегенде 2 рет тырнағыңызды мандарин қабығымен сүртіп отырыңыз.

6. Шаршағанда, жүйке жүйеңіз жұқарып, күйзеліске түскенде.
Ұсақ-ұсақ туралған мандарин қабығын мақта матадан тігілген көлемі шамамен 10x7 см болатын қапшыққа салып, оны өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Егер жаңағы айтылғандай жағдайлар болса, қапшықтағы мандарин қабығының хош иісімен демалыңыз.

7. Жүрек соғысыңыз артып, артериялық қысымыңыз көбейсе, ұйқысыздыққа ұшырасаңыз.
1 стақан ұнтақталған қабыққа 3 литр қайнаған су құйып, қайнатыңыз. Кейін дайын болған соң оны ваннаға құйып,
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1