Ғалымдар жалғыздық адамды дертке шалдықтыратынын анықтады

АҚШ-тың Чикаго университетінің ғалымдары жалғыздық салдарынан адам түрлі дерттерге шалдығып, тіпті өмірден ерте өтуі мүмкін екендігін мәлім етті.

Ғалымдар адамдардың ұзақ уақыт жалғыз өмір сүрген жағдайда ми жұмысы бұзылып, адамның иммундық жүйесі толықтай зақымданады деген тұжырымға келді. Proceedings of the National Academy of Sciences ғылыми журналында осы зерттеудің нәтижесі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген мақала жарық көрді.