Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Күнбағыс майының пайдасы

Күнбағыс майының пайдасы

Здоровье

Күнбағыс майының пайдасы

Хабарлама Жас Исакаев » 24 қараша 2015, 17:54

Артроз.

Артроз асқынып, тізе буындарыңыз қатты ауырса, күнбағыс майын жағуды ұмытпаңыз. Ол үшін балдыр ұнтағының бір бөлігін күнбағыс майымен жақсылап араластырып, дайын болған соң ауырған жеріңізге жағыңыз. Содан кейін үстінен жылы мата орап тастауыңыз керек. Бұл әдісті ауырсынуды басатын дәрілердің орнына қолдануға болады.

Тамағыңыз ауырса.

Алоэ шырыны мен күнбағыс майын бірдей көлемде алып араластырыңыз. Сосын дайын болған қоспамен тамағыңызды шайыңыз. Ал егер тонзиллит, ларингит секілді күрделі тамақ ауруларына тап болсаңыз, онда тазартылмаған күнбағыс майын сарымсақ сөлімен араластырып, ингаляция жасаңыз.

Жөтел.

Жөтеліңіз тоқтамаса, мұсатырлы спирт пен күнбағыс майын 2:1 қатынасындай етіп араластырып, дайын болған қоспамен көкірегіңізді сүртіңіз.

Мастит.

Кішігірім ыдысқа лалагүл мен күнбағыс майын салып, жақсылап араластырып, шамамен 10 минут су жылытқышқа қойып қайнатыңыз. Суыған соң тұнбаны алып, кеудеңізге жеңіл массаж жасаңыз.

Аяқтағы қанайналым бұзылса.

Мұндай жағдайда сіз лавр жапырақтарынан майлы тұнба дайындауыңыз қажет. Ол үшін 2/3 стақан ұнтақталған лавр жапырағына бір стақан күнбағыс майын қосып, қараңғы жерде 6 күн ұстаңыз.
Содан кейін жылы ванна дайындап, аяқтарыңызды жаңағы майлы тұнбамен сүртіңіз.

Табаныңызда ойылған сызаттар пайда болса.

Күнбағыс майын су жылытқышқа салып қайнатыңыз. Қайнатып алған соң суығанын күтіңіз. Дайын болғаннан кейін осы майдың көмегімен табаныңыздағы, өкшеңіздегі ойылған сызаттардан арыласыз.

Міне, күнбағыс майының пайдалы тұстары осындай. Егер жоғарыда айтылған ауруларға шалдықсаңыз, бұл майды міндетті түрде тұтыныңыз.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1