Йогалардың жұмбақ шайы

Йогалардың шайы денсаулыққа өте пайдалы. Мұндай шайдан бас тарту оңай емес. Өйткені ол ерекше дәмімен, хош иісімен жаныңызды баурап алады.

Бұл шай сізге қаныңызды тазалауға, ас қорыту жолдарын жақсартуға, жүйке-жүйелеріңізді тыныштандыруға көмектеседі. Сонымен қатар тұмауға қарсы белсенді күресіп, көңіл-күйіңізді көтереді. Ал егер ағзаңызды толық тазалағыңыз келсе, 3 күн тамақ ішпей, осы шайды тұтыныңыз. Күніне 15-20 шынаяғын ішуіңіз керек.

Йогалардың шайы дәрумендерге және микроэлементтерге бай. Сондықтан оны таңғы кофенің орнына да тұтынуға болады. Ол үшін сізге:

- 9 қалампыр түйіршігі;
- 9 түйір кардамон;
- 1 таяқша даршын,
- 4 шай қасық куркума;
- 5-10 шай қасық жанжабіл;
- 0,5 шай қасық қара шай керек.

Дайындалу жолы:

1. Дәмдеуіштерді қалағаныңызша қоса аласыз. Өйткені әркімге әртүрлі ұнайды.

2. Барлық ингредиентті (шайдан басқа, шай ең соңында қосылады) қайнаған суға салыңыз (су 2 литрден кем болмау керек). Содан соң баяу жанып тұрған отқа 5 минутқа қойыңыз. Үстіне 1 стақан сүт қосуыңызға да болады.

Бұл шайға бал қосып ішкен өте пайдалы.