АҚШ ғалымдары балық жеу адам өмірін ұзартатынын анықтады

АҚШ ғалымдары 16 жыл бойы жүргізген зерттеу қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, балық жеу адам өмірін ұзартатын болып шықты.

Осыған байланысты жүргізілген сынаққа 65 жастан асқан үш мың ерікті қатысыпты. Қариялар тәжірибе барысында үнемі дәрігерлік тексеруден өтіп отырған. Медиктер олардың қан қысымын өлшеп, сараптама үшін қатысушылардан қан алған. Анализ нәтижелері қатысушылардың жеген тағамдарымен салыстырылған.

Ғалымдардың айтуынша, балық жеу ағзаға оңтайлы әсер етіп, адам өмірін орташа есеппен 2,2 жылға дейін ұзартады. Сондай-ақ сынақ барысында балықты жиі жеген қатысушылар жүрек ауруларынан сирек ауырып, олардың арасында бұл аурудан қайтыс болу дерегі 30%-ға кеміген. Оңтайлы әсері болу үшін балық өнімдерін аптасына 2 рет жеген жөн деп жазады informing.ru.