Қант диабетін алдын алу

АҚШ ғалымдары 30 жыл бақылаған арнайы зерттеу жұмысына 50 мыңнан астам әйел мен 41 мыңға жуық ер адамды қатыстырды. Ғылыми жобаның бір маңызды бөлігі ретінде әсіресе, олардың қандай тағам тұтынатыны және қайдан тамақтанатыны басты назарда болды.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, үйде жасалған тағамды пайдаланғандар өзгелерге қарағанда 2-ші деңгейдегі қант диабетінің дамуын 13 пайызға төмендете алады екен. Бұған қоса, үйде дайындалған асты пайдаланатындар тәтті, газдалған сусынды өзгелерден азырақ ішетін болып шықты.

Осыған дейін бірқатар зерттеу жұмыстарында құрамында қанты көп газдалған сусындарды пайдалану – артық салмақ, жүрек-қан тамыр аурулары, обырдың кей түрі мен 2-ші деңгейлі қант диабетіне тікелей әсер ететіні анықталған.

Ғылыми жұмыс қорытындысында көресткендей, қант диабеті қаупін азайту үшін адамдар үйден тамақтанып, газдалған, тәтті сусындардан мүмкіндігі келгенше бас тартуы қажет.