Әлемдегі ең танымал есім анықталды

АҚШ-тың есімдер бойынша сарапшысы Лора Уоттенберг әлемдегі ең танымал әрі жиі қолданылатын есімді анықтады.

Сарапшының айтуынша, әлем халықтарының жартысынан көбі қыздарының есімін София деп қояды-мыс. Бұл туралы The Independent мәлімдеп отыр.

Белгілі болғандай, София есімі Мексика, Италия, Ресей халықтарының арасында кеңінен таралған. Ал АҚШ-та бұл есім үздік үштікке кіреді. «София ежелгі грек тілінен аударғанда «даналық» деген мағынаны білдіреді», – деп түсіндіріп өтті Уоттенберг.