Су ішу қағидалары

Су — тіршілік көзі екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Оның бізідң денсаулығымызға пайдалы тұстары өте көп. Алайда оны ішер кезде бірнеше ескеретін қағидалар бар. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға соларды ұсынғымыз келіп отыр.

1. Су ішерде бір жұтымының өзі көңіл-күйімді көтеріп, маған ерекше күш-қуат сыйлайды деген оймен ішіңіз.

2. Йогалардың әдістері бойынша, 30-45 минут сайын ¼ стақан су ішіп жүріңіз.

3. Тамақтанып алған соң бірден су ішудің қажеті жоқ. 30 минут өткеннен кейін ғана ішуіңізге болады. Себебі бірден сумен араласып кеткен қорек ас қорыту жүйелеріне зақым келтіреді.

4. Ұйқыдан тұрған бойда аш қарынға қайнаған су ішуді ұмытпаңыз. Ол сіздің ішектеріңізді тазалауға көмектеседі.

5. Суды тамақ ішерден 10-15 минут бұрын тұтыныңыз. Сонда асқазаныңыздың жұмыс істеу қабілеті жақсарады.

6. Егер қайнаған су ішейін деп тұрсаңыз, оны бір стақаннан екінші стақанға құйып ішкеніңіз дұрыс. Өйткені бұл әдіс арқылы суды оттегіге байытуға болады.

7. Шәйнекте қалған суды екінші рет қайнатудың қажеті жоқ.