Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Құрмадан жасалған смузи

Құрмадан жасалған смузи

Здоровье

Құрмадан жасалған смузи

Хабарлама Айбын Шыңғыс » 05 қараша 2015, 16:38

Құрма жемісінің құрамында көптеп кездесетін В1, В2 дәрумендері бауыр ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Сонымен қатар ол қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек-қан тамырларына оң әсерін береді. Бұл жемістің жалпы адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп. Мысалы, құрмадан смузи жасап ішсеңіз, миыңыздың жұмыс істеу қабілетін арттырасыз. Ендеше, құрмадан смузи жасап үйреніңіз.

Ол үшін сізге:

- бір апельсин;
- үш құрма;
- 2 см жанжабіл тамыры;
- 0,5 шай қасық даршын;
- 0,5 стақан су керек.

Дайындау жолы:

1. Құрманың сүйектерін алып, бөліктерге бөліп кесіңіз.
2. Апельсин қабығын аршыңыз.
3. Жемістерді және даршын мен жанжабілді блендерге (араластырғыш) салыңыз.
4. Дайын болған соң стақанға құйып ішіңіз.
Айбын Шыңғыс
 
Хабарлама: 1303
Тіркелді: 15 ақпан 2015, 23:25

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1

cron