Қан беріп көрдіңіз бе? Бұл қаншалықты дұрыс?

Он сегіз жасқа толмаған кезімде: "Шіркііін, ертерек 18-ге толсам ғой, қан берер едім" деп армандайтыным есімде. Тіпті, 1 курста өзімнен бір жас үлкендер қан беріп жатқанда жылағанмын, мен неге бере алмаймын деп) Сонан кейін екі жыл қатарынан бердім де, қазір мүлде қойдым. Бүгін ғана "Неге бермей кеттім?" деп ойлап отырмын. Бұған жұрттардың қан берудің жаман екендігін жиі айтатыны себеп болған сияқты. Сіз қалай ойлайсыз? Қан берген адам денсаулығы үшін қаншалықты дұрыс?

Осы жерге қан беру керек туыстарыңыз немесе кішкентай балаларды білсеңіздер жаза отырыңыздар! Бәлкім массагеттік біреу адам өмірін құтқарып қалуға септігін тигізіп қалар...
Қан беріп көрмеппін. Қан ал десем сары аурумен ауырған ем болмайды екен Әттең :cry:
қаны тазаместерге керек емес
Мен жылда қан тапсырып тұрамын. Негізі Адамның қан құрамын тазартып, оның айналымына да үдеу болады дейді. Шынымен де әрі өзіңе, әрі өзге біреуге көмегің тиеді. Уақыт бойымен тапсырып тұрған дұрыс деп ойлаймын.
Ия, Жолдастың қан тапсырып жүретінін ылғи көремін... Мен тапсырайын десем, өзімдікі аз болғандықтан қабылдамайды, кейде, тіпті, күледі... Сондықтан бұл бақыт әзірге бұйырмай жүр...
Қан тапсырар кезде берушінің қанын тексере ме? ал оның қаны аурудыкі болса ше?