Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Махаббат туралы қызықты деректер

Махаббат туралы қызықты деректер

Интерьер

Махаббат туралы қызықты деректер

Хабарлама Жас Исакаев » 28 ақпан 2016, 13:45

Ғалымдардың пікірі бойынша, бір адамның өзге адамның көзіне тесіле қарауынан махаббат туады. Тәжірибе кезінде қарама-қарсы жыныстылар 90 минутқа оңаша қалдырылды. Олар өздерінің өмірінің интимді жақтары туралы ашық әңгімеден соң бір-бірінің көздеріне үңіліп, үндемей отыруға тиіс болды. Осы тәжірибеден кейін олардың көбі бір-біріне деген күшті сезімнің пайда болғанын айтты. Бірнеше жұп жарты жылдан соң үйленді.

Сүюге деген қажеттілік, биологиялық тұрғыдан алғанда, төсек қатынасы мен тамақ секілді өте қарабайыр қажеттілік.

Жігіт пен қыз барынша ұзақ уақыт кездесіп жүрген сайын олардың жақсы отбасын құру мүмкіндігі де ұлғая түседі. Тез үйленген жастар жиі ажырасады.

Әйел өзінің жұбымен бетпе-бет сөйлескен кезде өзін сүйікті сезінеді. Ал еркек әйелмен бірге жұмыс істегенде, ойнағанда эмоциялық жақындық сезеді.

Махаббатты сақтап қалу үшін сарапшылар ерлі-зайыптыларға: «жұбайыңа құлақ ас, сұрақтар қойып, пікір алыс, ойлас, кеңес бер, бағала, тартымды бол, ой-санаңды дамыт, оған көбірек еркіндік бер, адал, сенімді бол, оны сыйла, кемшіліктерін жіпке тізбе, ешқашан ажырасамын деп қорқытпа, көзіне шөп салма, қарым-қатынастарыңды түрлендіріп тұр» деген кеңестер береді. Бұлары дұрыс та.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1

cron