Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Еркекпен қарым-қатынаста сақталуы тиіс он қарапайым ереже

Еркекпен қарым-қатынаста сақталуы тиіс он қарапайым ереже

Интерьер

Еркекпен қарым-қатынаста сақталуы тиіс он қарапайым ереже

Хабарлама Жас Исакаев » 07 ақпан 2016, 14:36

1. Өзіңізді де, еріңізді де сыйлаңыз. Еркек әйелді сыйлау үшін әйел өз-өзін сыйлай білуі тиіс. Еркек өз-өзін құрметтейтін әйелді ғана шынайы бағалай алады. Әйел еркекке оңай олжа болмауы тиіс. Еркекті әйел тек еркек болғаны үшін сыйлау керек. Тіпті бет жыртысып ұрысқан кезде де оның сіз үшін ең жақын адам екенін ұмытпаңыз, оған ешқашан тіл тигізбеңіз.

2. Қарым-қатынаста бір-біріңізді балағаттауға және төмендетуге жол бермеңіз. Әсіресе жұрттың көзінше еркектің намысына тиетін сөздер айтпаңыз. Егер әйел ерінің жақсы іс-әрекеті мен қылықтарын бағаламаса, келесі жолы мұны жасамайтын болады.

3. Әйел өзінің артықшылықтарын еркек алдында асыра «жарнамаламауы» тиіс. Менің айтқаным әрқашан дұрыс деген ойдан аулақ болыңыз.

4. Өзіңізді еркектің орнына қойып көріңіз, оны ренжіту оп-оңай екенін түсініңіз. Болар іс болған соң оның кешірімін алу қиын.

5. Өзіңізді төмендетпеңіз және кемшіліктеріңіз туралы айтпаңыз. Оның да кемшіліктеріне қадала бермеңіз.

6. Құрбыларыңыз бен туыстарыңызға еріңіздің кемшіліктері туралы тіс жармаңыз. Бұл өте қауіпті. Олар сізді аяп, уақытша демеу болуы мүмкін, бірақ бұндай қылық сіздің еріңіздің жұрт алдындағы беделін түсіреді, арақатынасыңызды бұзады. Еркек бұны сезіп қалса, одан әрі сізге сенбейді.

7. Бірқалыпты өмірден сақтаныңыз. Еркектің ермектері мен қызығушылықтарына түсіністікпен қараңыз. Достарына барсын, сүйікті ермегімен айналыссын.

8. Әйел өзінің сырт келбетіне дұрыс баға бере білуі керек. Әдемі, тартымды әйел – әр еркек үшін мақтаныш. Сондықтан күтініп жүріңіз.

9. Жиі сүю, бір-біріне күлімдеп қарау ерлі-зайыптыларды жақындастыра түседі.

10. «Сағындым» дегенді жиі айтпаңыз. Бұндай әйел еркекті онша қызықтырмайды. Оған көңіліңіздің толмайтындығын айтып, кінә таға беруден де сақ болыңыз.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1