Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Дәстүр сөйлейді. Атқа мінгізу

Дәстүр сөйлейді. Атқа мінгізу

Интерьер

Дәстүр сөйлейді. Атқа мінгізу

Хабарлама Жас Исакаев » 28 қаңтар 2016, 20:14

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі — 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Оның қолтырмаш — баланың белін буатын жұмсақ белбауы және тепкішек — баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін дорбасы болған. Осыған орай:

— Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,
Жас болса, жол үстінде болдырмасын, — деген тілек айтыған. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құланды жетектеп жүретін. Осыдан кейін ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Қариялар:

— Атқа жақсы шаба біл,
Өнеге-өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл! — деп тілек-бата берген. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған. Үлкендер ет жеп, қымыз ішіп, бата беріп тараған.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1