Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Бесіктің құрылысын білесіздер ме?

Бесіктің құрылысын білесіздер ме?

Интерьер

Бесіктің құрылысын білесіздер ме?

Хабарлама Жас Исакаев » 21 қаңтар 2016, 19:00

1. Арқалық (арыс) — бесіктің үстіңгі, көлденең жұмыр белағашы.

2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) — негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

3. Жақтау. Ол төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы — бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі — жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1

cron