Қазақ келіні қандай болу керек?

Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз ба­ла бо­лып кел­ген жа­ра­ты­лыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі кел­ген­де оң босағадағы ор­нын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге ай­ыр­бас­та­уы, со­лай­ша бір үйдің, бір әулеттің келіні бо­луы мүмкін. Бірақ екінің бірі «бүкіл ұлттың келіні» де­ген абы­рой­лы атаққа қол жеткізе бермейді. Басқа ұлттарды айтпағанда, қазақтай келіннің ақ босаға аттаған күнінен бас­тап, аяқ алы­сын сы­нап, қадамы құтты келінді күтетін халық кем­де-кем, тіпті жоқ шығар. Ен­де­ше енелердің пікірін тыңдап көрелік.

Фа­ти­ма апа:

— Біз — өз қайғымызды өзіміз бөлісетін са­быр­лы халықпыз. Тіпті, от­ба­сын­да болған кикілжің, жан­жал­ды да көпке жай­май, сыртқа сыр ал­дыр­май­мыз. Іс насырға шапқанда ғана қысыла, қымсына ағайынмен кеңесіп, ақыл сұраймыз. Қазақ әу бас­тан келін де­ген ата­у­ды киелі са­нап, ұрпақ жалғастырушы ретінде мақтаныш санаған. Бірақ бүгінде киелі атқа кір келтіріп жүрген келіндеріміз көбейіп ба­ра­ды. Қазіргі келіндерден ертеректегідей ұзын көйлек киюді, ба­сы­на күні-түні ора­мал бай­ла­у­ды, үлкен-кішіге келіп сәлем беруді көпшілік та­лап ете бермейді. Бірақ жас келіннің шығыс елдеріне тән сәнді, ықшам киінгені артық емес-ау деп ой­лай­мыз. Шолтиған қысқа көйлек киіп, бал­ты­ры мен бөксесі жар­ты­лай жалаңаштанып тұрғанының не­ме­се толық бөксесіне тыр­ти­тып тар шал­бар кигенінің, ша­шы жұлған тауықтай бұрқырап жүргенінің, кірпігі мен көз ай­на­ла­сы қалың бо­я­у­дан сатпақталып тұрғанының мен мұндалап көзге ұрып тұрғанының несі жөн? Қазақ келіндерінің әдепті, ізетті, салмақты, ина­бат­ты болғанын көпшілік қалар еді. Несін жа­сы­ра­мыз, ер­те­ден сақталған, қанға сіңген ата дәстүрлеріміз бірте-бірте көмескіленіп, тіпті кей жер­лер­де ұмытылып ба­ра жатқанын мой­ын­да­у­ы­мыз ке­рек. Мәселен, үлкен кісінің ал­дын кес­пеу, үйге кел­ген қонақты жы­лы қабақпен қарсы алу, үлкендерді сый­лап, олардың ал­дын­да да­у­ыс көтермеу, қонақтардың көзінше ба­ла­ла­рын жекіп, зіркілдеп, ұрып-соқпау, ыдыс-аяқты орын­сыз сал­ды­рат­пау, ата-енесі мен күйеуінің ба­у­ыр­ла­рын сый­лап, оларға құрметпен қарау, ардақтау. Сол ұлттық дәс-түрлерімізді сақтап, олар­ды қолдап, иіліп сәлем беріп тұрған ізетті жас келіндерді кез-дестіргенде жүрегің жы­лып, ризашылық сезім оя­на­ды. Он­дай­да оларға: «Рах­мет, ай­на­лай­ын! Өркенің өссін. Көп жа­са, бақытты бол!» – де­ген тілек ай­тып, көргенді келіннің үйінен көңілің әжептеуір марқайып шығады.

Ұлжан апа:

— Мен тоғыз ба­ла­ны өмірге әкелген бақытты ана­мын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда тоғыз келінім, 25 не­ме­рем, 5 шөберем бар. Қазақ келіндері ина­бат­ты, иба­лы, үлкендерді сый­лай­тын, енесі мен ата­сы­на тіке қарамайтын, адамгершілігі мол адам бо­луы ке­рек. Өйткені ол ке­ле­шек ана. Ба­ла іштен бас­тап қандай тәрбие ал­са, сон­дай бо­ла­ды. Жа­рын сый­лап, кез кел­ген жағдайда «са­быр түбі са­ры ал­тын» демекші сабырлықты әрқашан кез кел­ген жер­де сақтау ке­рек. Жалпы айтқанда әйел адам ер азаматты адам қылатын да сол, ит қылатын да сол. Қыздың 40 жа­ны ­бар деп текке айтылмаған. Ұлттығымыздың тұтастығы, иманымыздың беріктігі, рухымыздың биіктігі тал бесігіміздегі телімнен басталатыны даусыз. Жаһандану дәуірінде жаныізгілікке іңкәр, мінезі көркем болмысынан биязы қазақ қызының бет-бейнесі өзгерді. Әйтсе де әрбір шаңырақтың қатты қонағы ғана емес, ұйытқысы болар қыз баланың қадір-қасиетін ұлықтай білсек, ұлттық дәстүрімізден алыстамағанымыз. Қыз баланы құтты қонаққа балайтынымыздың тағы бір сы­ры жат жұрттық екенін де болса керек. Басқа ошақтың түтінін түтетіп, босағасын берік ұстауды аманаттайтын аналардың ақылы тын­дай білгенді адастырмасы анық.

Cондай-ақ, қазақ қызының ең үлкен бақыты — ана бо­лу де­сек қателеспейміз. Сәлемдегі ең тәтті нәрсе — баланың тілі, ал ең жұмсағы — ананың алақаны. Жарық дүниеге алып кел­ген перзентінің өмірден өз ор­нын та­у­ып, бақытты ғұмыр кешуі — әрбір ананың ақ тілеуі. Даналық пен даралықты егіз ұғым деп ұлықтасақ, бұл екеуі де ананың ақ пейілімен үндесіп жа­тыр. Ананың ақ сүтін ар­да ем­ген қазақтың Абай бастаған біртуар аза­мат­та­ры осыған дәлел болғандай.

Түймеш апа:

— Үйдің жы­луы, тазалығы әйелге бай­ла­ны­с­ты. Қазақ қашан да келінді сынаған. Шаңырақтың табалдырығын оң аяқпен аттаған келіннен пәктікті, тазалықты күтеміз. Қазіргі кейбір жас келіндер өздерін тым еркін ұстайды. Олардың ой­ын­ша, «қазақтың салт-дәстүрі ескіліктің сарқыншағы, қазір басқа за­ман, біреуге біреу тәуелді емес. Сондықтан, әркім өзіне ұнағанын киіп, сыйлағанын ғана сый­лау ке­рек. Егер жаңадан босаға аттаған жас келін дәл осы­лай ой­ла­са – қателескені. Ол оның халқымыздың салт-дәстүрін сыйламағаны, түйсігінің таяздығы, тіпті, қаттырақ қадап айтсақ, көргенсіздігі, ру­ха­ни жұтаңдығы, ұлттық тәрбиесінің жоқтығы.

Ен­де­ше, қыз өсіріп отырған әрбір ата-ана қызын қанша жақсы көрсе де оны тым ер­ке­лет­пей, шолжаңдатпай, өсе ке­ле ол басқа шаңыраққа келін бо­лып түсіп, түтін түтететінін, ана бо­лып, ба­ла-шаға тәрбиелейтінін ескертіп, отырғаны жөн. Қазіргі күндері күйеуіне үстемдік жа­сап, оны туған ата-ана­сы­нан, жақын ту­ыс­та­ры­нан «бездіріп» жіберген келіндер де аз емес. Қазақ дәстүрінде ер ба­ла әке-шешесін құрметтеп, ертең қартайғанда оларға па­на бо­луы ке­рек. Ертеңгі күні өзі де ене бо­ла­ты­нын, сол кез­де «ата­сы­на жасағаны ал­ды­на келетінін» бүгіннен ойлағандары аб­зал. Ал соңғы кез­де қартайған өз әкесі мен ана­сын жалғыз қалдырып, қолына әйелінің шешесі мен әкесін кіргізіп ала­тын ұлдар да кез­де­се бас­та­ды. Бұл де­ген не? Қайда ба­ра­мыз? Біз Еуро­па дәстүрін қабылдап, олар­ды өзі-өзімізге өнеге тұтамыз ба? Ойланайық, ағайын. Біз әлемдік деңгейде аз халықпыз. Сондықтан тілімізден, ділімізден, ата дәстүрімізден ауытқымай, ұлт ретінде сақталып қалғанымыз жөн. Біреулерге әуестену, еліту, басқаларға еру – мәңгүрттікке жетелейді.

Қазақ қызына қырық үйден, қала берді, есіктегі күңнен де тый­ым са­лып отырған. Осының барлығы не үшін? Оны­сын халқымыз «ұл тәрбиелей оты­рып жерді, қыз тәрбиелей оты­рып елді қорғаймыз» деп түсіндіреді. Міне, бір сөзбен-ақ қадап айтқан. Ен­де­ше, қазақта келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу де­ген сөз.

Ав­тор: Гүлсім МҰРЫНОВА