Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Жатақханада жағдай жасалмаса

Жатақханада жағдай жасалмаса

Интерьер

Жатақханада жағдай жасалмаса

Хабарлама Әсел Асанова » 23 желтоқсан 2015, 15:48

Жатақханада үйдегідей барлық жағдай жасалмайды. Бірде ыдыс жоқ болса, бірде техникалық құралдар табылмайды. Адамдармен тіл табысқыш болсаңыз, көршілерден сұрайсыз. Ал беймезгіл уақытта беймаза адамды ешкім жақтырмайды. Не істеуге болады?
Үтік жоқ болса, бір құлағы бар темір кәтрөлге су құйып алып, қайнатыңыз. Үтіктелуі аса қиын, қалың киім болмаса, мәселе оңай шешіледі.
Ал егер үтік бар, тамақ пісіретін пеш жоқ болса, фольга қолданыңыз. Үтікті теріс қаратып, фольганы үтіктейтін бетіне жауып, қалып жасап аламыз. Осы қалыпқа аз ғана өсімдік майын тамызып, шұжық секілді тез пісетін тағамдарды қуырып, жүрек жалғауға болады. Ерекше бутерброд жегіңіз келсе, оны да фольгаға орап, үстінен үтік басуға болады.
Жатақханада ыдыс жууға ыңғайланған құралдар жоқ болса немесе ыдыс жууға ерінсеңіз, мына тәсілді қолданып көріңіз. Бос тәрелкені тамақ орауға арналған қалташамен (пищевой пакет) қаптаңыз. Енді үстіне қою тағамдарды сала берсеңіз болады. Тамақтанып болған соң қалташаны алып тастай саласыз.
Сізде арнайы қоқыс қалтасы бар, бірақ қоқыс салатын жәшік жоқ па? Оның де шешімі бар. Арқалығы жоқ отырғышты төңкеріп қойыңыз да, целофан қалтаны кигізіңіз. Қоқыс салатын жәшік дайын.
Сусын ішетін стақаныңыз ұрланып кете берсе не өз саптыаяғыңызды бөгделер қолданбағанын қаласаңыз, ыдыс кептіретін құралға стақанның ұстағышын кіргіңіз де, құлыппен бекітіп қойыңыз. Кілті өзіңізде ғана болғанда, ешкім рұқсатсыз қолдана алмайды.
Көршіңіздің туған күні не атаулы мереке келді дейік. Есте ерекше сақталатын сыйлық жасағыңыз келеді, бірақ қалтаңыз қалың емес. Не істейміз? Бала шақты еске аламыз. Нанның кішкене бөлігін кесеміз де, сары май не кілегей майын (маргарин) жағамыз, үстіне қант себеміз. Кішкене майшамдарды орналастырып балалық шақтың естен кетпес дәмін сыйлаймыз. Естелікпен астасқан ерекше сый ұсынған көңіліңізге жақыныңыз шаттанары анық.
Әсел Асанова
 
Хабарлама: 486
Тіркелді: 07 қазан 2013, 19:36

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1