Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Бала тәрбиесі: Үш жасқа дейін

Бала тәрбиесі: Үш жасқа дейін

Интерьер

Бала тәрбиесі: Үш жасқа дейін

Хабарлама Әсел Асанова » 14 наурыз 2018, 10:09

Кез келген ата-ана баласының жан-жақты дамып, жетіліп, зердесі терең тұлға болып өскенін қалайды. Алайда баланы саңлақтар жүрген сара жолға салу әдісін барлығы бірдей біле бірмейді.

Тілі шықпаған баланы түк түсінбейтін тіршілік иесіне балап, оның жанында ойымызға не келсе соны істеп, аузымызға түскен сөзді айта салуымыз осыған дәлел. Бала құрсаққа біткен сәтінен бастап сырттағы құбылысты толық қабылдайды. Ал өмірге келгеннен үш жасқа дейінгі кезеңі келешекте кемелді тұлға болып қалыптасуында аса маңызды орын алады. «Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскенде қайыр жоқ».

Дарын – табиғат тартуы, ол әкеден балаға мирас болып беріледі деген сөз ерте заманда қалыптасқан. Джон Стюарт Милл үш жасында классикалық әдебиетті өзі оқыған, мәртебелі Моцарт та осы жаста алғашқы концертін қойған. Бұл оқиғаларды естігенде «Әрине, олар – дара туған таланттар» деуіміз мүмкін. Әйткенмен, өткен ғасырдың зерттеу жұмыстары олар ерте жасынан аса қатал тәртіп пен тәрбиеде болғанын айғақтайды. Моцарт та, Милл де туа салып данышпан болған жоқ, оларға бұл қасиет тағылымды тәрбиенің арқасында дарыды.

Бала миы алғашқы алты айда 50 пайыз жетілсе, үш жасқа дейін 70-80 пайызы жетіліп, толады. Одан соң ақырын алдыңғы миы жетіле бастайды. Сана-сезімі, шығармашылық қабілеті төрт жастан бастап білінгенімен, оған дейін қажетті ақпаратпен қанықпаған бала миын жеткілікті деңгейде пайдалана алмайды.Бұл жұмысы нашар компьютермен жақсы жетістікке уақытында жетемін деумен тең.

Ақыл-есі дамымай қалған бала болмайды. Бәрі де оқу-үйрету әдісіне байланысты. Таланты болмаса да, талабы таудай баладан тағылымды тұлға туатыны тарихтан таныс. Баланы ақылды-ақылсыз, пысық-тұйық деп бөлуге болмас. Оған қажетті ілім дер кезінде берілгеніне байланысты мінезді де, болмысты да басқаруға болады.

Баланы жастайынан әсем әуенге әуес етіп, саз аспабында ойнауды үйреткенде, мақсат міндетті түрде атақты музыкант шығару емес. Шет тілдерін үйреткенде де тіл зертеуші ғалым болып шығуы шарт емес, балабақшаға, мектепке алдын ала дайындау үшін ғана үйретпейді. Мұның бәрі баланың ой-санасы дамуына, пісіп-жетілуіне әсер етеді.

Жан-жануар төлдегенде баласы туа салысымен бірден аяққа тұрып кетеді. Зерттеулерге сүйенсек, адам баласы жануар төлінен 10-11 ай кейін жетіледі екен. Бала бір жасқа толар-толмас шағынан бастап физикалық мүмкіндігін пайдаланып, домалап, аунап, отырып, еңбектей бастайды. Сол секілді уақыт өте келе миын пайдаланып, ой қалыптастырады. Бала миы қардай ақ парақ сияқты. Парасатты адам қалыптасу – кіршіксіз таза параққа не жазылғанына байланысты.


Тема поднималась пользователем Әсел Асанова 14 наурыз 2018, 10:09.
Әсел Асанова
 
Хабарлама: 486
Тіркелді: 07 қазан 2013, 19:36

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1