Тәрбиелі адамның сегіз сипаты

Орыс халқының әңгіме шебері Антон Чехов өз ағасын тәртіпке саламын деп біраз еңбектеніп, көп ізденген. Нәтижесінде мынадай тұжырым шығарыпты. Тәрбиелі, көргенді адамға тән сегіз белгі:

1. Олар адамның жеке басына құрмет танытады. Сол себепті кіммен араласқанда да өзін жұмсақ, мәдениетті, сыпайы ұстайды. Түймедейді түйедей етпей, әр іске байыппен қарайды. Жасаған жақсылығының қайтарымын күтпейді. Барлығына түсіністік танытады.

2. Олар тек сүйкімді жануарларға ғана жанашырлық танытып қоймайды, көзге көрінбейтін тіршілік иелеріне де жаны ашиды.

3. Олар өзгелердің артықшылықтарын бағалайды. Қарыздарын қайтарады.

4. Олардың жүрегі кіршіксіз ақ. Өрттен қалай қорқса, өтіріктен солай қорқады. Тіпті, ұсақ-түйек істерде де жалған айтып жіберуді білмейді. Бір ауыз сөз өтірік айтса, жалған екенін көзі айтып тұрады. Мылжыңдап бос сөйлемейді. Әлдекім сұрақ қойған кезде ғана жауап береді. Өзгелерге құрметін аз сөйлеп, көп тыңдаумен көрсетеді.

5. Олар біреудің жүйкесінде ойнамайды. «Мені ешкім түсінбейді!» деген сөзді ешқашан айтпайды.

6. Олар бос мақтанға бой ұрмайды. Кез келген кісімен қарапайым қалыпта сөйлеседі.

7. Өз бойында дарыны болса, бағалайды. Ары қарай еңбектеніп, талантын ұштайды.

8. Олар ертеңгі күні балаларына берер тәрбиесі сөзбен емес, іспен үлгі болу арқылы сіңірілетінін түсінеді. Сондықтан өзін эстетикалық және өзге де тұрғыда тәрбиелейді.