Үндістандықтар қалыңдық таба алмай әлек

Үндістанда 6 жасқа дейінгі 1000 ұл балаға 919 қыз баладан келеді екен. Қазірдің өзінде жас жігіттер қалыңдық таба алмай, әлекке түсіп жүрген көрінеді. Экономикалық тұрғыда қыз тууды тиімсіз көрген жергілікті жұрт ұл балаға басымдық береді.

Садхурам Бервал – Үндістанның солтүстігіндегі Харьяна штатының тұрғыны. Мұндағы жұрт отбасында қыздан гөрі ұлдың болғанын қалайды. Сөйтіп дүниеге келетін қыздар саны азайа түскен. Сол себепті жақын маңайдан қалыңдық таба алмаған Садхурам 10 жыл бұрын жан жарын 2700 шақырым жердегі Керала штатынан алып келіпті. Әйелінің есімі – Анита. Олар екі түрлі тілде сөйлейді. Әдет-ғұрыптары да өзгеше. Дегенмен, бұл ерлі-зайыптылар үшін кедергі емес. Бүгінде Үндістанда жастардың осыған ұқсас неке қию жағдайлары жиі кездеседі.

Статистикаға көз жүігртсек, 2013 жылы 15 пен 30 жас аралығындағы қыз-келіншектердің 25%-ы ұрланып, кейіннен қалыңдық ретінде сатылған екен және белсенді топ өкілдерінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш жыл сайын артып барады.