Ажырасудың үрдіс алу себебі

Қазіргі кезде ажырасу деген елімізде тым көбейіп кетті. Бұл отбасы институтының әлсіреуі ме, әлде бір заман ағымымен өтіп жатқан үрдіс пе? Кейде ойлаймын, мыңжлдық өткеннен соң, отбасы мүлдем болмай ма деп, адамдардың барлығы жеке өздері ғана өмір сүріп, ақыры осылай адамзат құрдымға кететін сияқты. Отбасы бұзылудың себеп салдары не болып табылады? Мемлекеттің қоғамда дұрыс саясат жүргізбуі ме, әлде адамдардың өмірге жеңіл желпі қарауы ма? Бірақ осы екі сұрақтың бір бірімен тығыз байланыстығы бар. Отбасы құру деген ойыншыққа айналып кетті. . Қазір жастардың көбі жеңілтек. Бір сөз бар ғой, «Ер бұзылсa – қыз бұзылады, қыз бұзылса –ұлт бұзылады» деген. Жігіттердің көбі қыз сыйлаудан қалды. Арабтар, кавказ ұлттары негізінде дұрыс істейді, қыз затына үлкен мән береді, сондықтан да олар қызды қастерлейді. Ал қыздарға келетін болсам, олар отбасы кұруды армандайды, бірақ отбасыны сақтай алмайды.Отбасының берік болуы негізі әйелдің қолында Күйеуінің саусағы өздеріне тиіп кетсе, «бітті ажырасам» деп шыға келеді, оған қоса қыздың ата-анасы одан түймеден түйе шығарып, қыздарын дүние мүлкілерімен қоса үйлеріне тасып алып кетеді. "Жақсы әйел жаманды адам ғып шығарад, Жаман әйел адамды хайуан ғып шыгарад". Бұның бәрі ата-ананың дұрыс тәрбие бермеуі. Ата-анасы ақша жолына түсіп, балалардың тәрбиесіне салғырт қарауы. Материалдық құндылықтарға қол жеткізем деп, моральдық құндылықтарынан айырылып жатады. Қазіргі кезде өзі жас ұрпаққа дұрыс ақыл айтатын ақылды қариялар да қалмады. Ажырасып жатса, "е жарайд, екінің бірі ажырасып жатыр ғой" деп қол сілтей салады, олай жасамау керек, қандай да болса отбасыны сақтауға тырысу керек, тым болмаса ортадағы балалары үшін. Олардың балалары ертеңгі болашақ. Отбасы деген ұғымды дұрыс түсіне білу керек, ол тек бір адамдардың топтасып өмір сүрудің жиынтығы емес, ол мемлекеттің беріктігі, ұлтты сақтап қалудың институты, онда ортақ тіл, ортақ дәстүр болады. Отбасы мақсаты ол мемлекетке саналы әрі пайдалы ұрпақ өсіру, ал ол үшін ең бірінші ата анасы моральдық құндылықтарды бірінші орынға қоятын білімді болу қажет. Білімінің көзі дипломда емес, кітапта, аз да болса дұрыс кітап оқу керек. Ажырасқан отбасыдан шыққан бала қайдан толыққанды азамат болып шығады. Әке-шешесінің сүйіспеншілігін көріп өскен бала дұрыс азамат болады, ол да отбасы құрады, сондықтан да отбасы дұрыс құруды көріп өсу керек. Отбасы бұзылса, мемлекет бұзылады. Ол қоғамның дерті. Онымен күресу үшін әр адам өзіне дұрыс жол сала білу керек. Ал дұрыс жол салудың бірден бір кепілі ол білім және моральдық құндылық.

отбасындағы тәрбиеге де байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің"