Үйлену тойыңызды қалай елестетесіз?

Мен сол армандағанды ұнатам. Үйленуге қыздар сәби күнінен дайындалады екен. Сіз тойыңызды қалай өткізгенді қалайсыз?

Шама шарқыңша болады ғой
Мүлде той жасағым келмейді, шын айтайын, ақ көйлек киюді, люмизинге мінуді, гүл лақтыруды... әлі бірде-бір рет армандап көрмеппін. Бірақ, той болатын болса, мынадай жерде жасағым келеді, табиғат аясында, айналамның бәрінде гүл болғанын қалаймын
Омырауы жабық көйлек қалаймын. Міндетті түрде аппақ аттарға жегілген пәуескемен теңіз жағалауында серуендегім келеді) Қалғанының бәрі күйеу жігіттің қалауы мен мүмкіндігінің еншісінде.
Шынымды айтсам, бұйыртса той деген нәрсеге салыстырмалы түрде аз уақыт қалса да, тойды нақтылап елестетіп жүргем жоқ. Осы жазбаның арқасында елестетіп көрсем... Елестетіп көрсем... Шағын бір мейрамханада отбасы, жақын достармен ғана атап өткім келеді. Шу дегенді аса ұната бермеймін. Ал төй көйлекке келсек... Кәдімгі қарапайым төй көйлектердің бірі болатын сияқты. Сосын айтпақшы салонға баруын барғанмен, қатты боянғым келмейді. (Кейде суреттерден қалыңдықты тым қатты бояп тастағанын көріп, аяп кетем). Мен бәріне тойды қаламайтынымды, отбасымен шағын отырыс жасаумен шектеліп, одан да сол ақшаға шетелге шығып келгім келетінін айтқанмын. Өкінішке орай, той ешқашан қыздың айтқаны бойынша өткен емес )) Қыз не жігіттің емес, қазақтың тойы ата-ананың тойы ғой )))
Менің арманымдағы той :roll: енді оқығандар "дәмесінің зорын-ай" дейтін шығар :D . Бәрін айтпай-ақ қояйын, нақты білетінім бір нәрсе менің тойымда бір біріне киит, мата , шапан тағысын тағы мүлдем болмайды.
Менің арманымдағы той :roll: енді оқығандар "дәмесінің зорын-ай" дейтін шығар :D . Бәрін айтпай-ақ қояйын, нақты білетінім бір нәрсе менің тойымда бір біріне киит, мата , шапан тағысын тағы мүлдем болмайды.

мұныңыз жақсы екен :D