Жаңа жылдық смузи

Назарларыңызға жаңа жылдық смузи ұсынамыз. Оны дайындау сізге:
- 2 түйір мандарин;
- 1 қатырылған банан;
- 1 стақан сүт,
- 1/3 стақан йогурт;
- 1 шай қасық бал;
- және өзіңізге ұнайтын ванилин қажет.

Дайындау жолы:

1. Бананның сыртын аршып, кішкентай бөліктерге бөліп, 20 минут салқындатқышқа қойыңыз.
2. Мандариндерді тазалаңыз.
3. Сосын оны блендерге салыңыз. Үстіне қатарылған бананды қосыңыз.
4. Кейін сүт, йогурт, бал, ванилинді де қосуыңыз керек.
5. Бәрін салған соң ең максималды жылдамдыққа 30 секундқа қойыңыз.
6. Бұл ингредиенттерге 1 ас қасық балмұздақ қосуыңызға да болады.

Жаңа жылды мәнді, сәнді және дәмді өткізіңіз. Ас болсын!