Гүл туралы афоризмдер

1. Гүлдер — табиғаттағы ең еркін сұлулық.

Иммануил Кант

2. Гүлдер — жерде қалған жұмақтың қалдығы.

Иоанн Кронштадтский

3. Ақылды адамдар — хош иісті гүлмен тең.

Бертольд Авербах

4. Гүлдердің өз тілі бар. Олар үндемегенмен, көп нәрсені айтады.

Kabhi Alvida Naa Kehna фильмінен

5. Әйел адамдарға гүл ешқашан артық етпейді.

Оскар Уайльд

6. Раушан гүлін жақсы көретін жанның мейірімсіз болуы мүмкін емес.

Робин Маккинли

7. Өмір театр секілді. Гүлді сахнадан кеткеннен кейін береді.

Яна Джангирова

8. Махаббат көп жерде гүлдер әрдайым аз болады.

Леонид Сухоруков

9. Қыздарды тек сөзбен емес, гүлмен де алдауға болады.

Михаил Хороманский

10. Кездесу орнында тасталған гүл қатты жылайды.

Вадим Синявский

11. Қараңғыда барлық гүл бірдей.

Френсис Бэкон

12. Кейде әйелдер тәжірибелі бағбанға мұқтаж гүлге ұқсайды.

Богдан Любушкин

13. Гүлсіз әйел – әйелсіз еркек секілді.

Игорь Субботин

14. Әлемдегі ең әдемі гүлдер де қоқысқа лақтырылады.

Степан Балакин

15. Адамдар ең көп гүлді оның сұлулығымен, хош иісімен рахатқа бөлене алмайтын кезде алады.

Э. Севрус