Оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалай арттыруға болады?

:D

Так! Бірінші, мұғалім өзі тартымды болуы керек. Мен әйтеуір есімде бізде тарихтан беретін мұғалім өзі былайынша сымбатты келген жас жігіт болатын. Сондай білімді еді. Бәріміз соған іштей ғашық болдық не керек :mrgreen: Сөйтіп, тарихтан ҰБТ-да 25 балдың 24-ін алдым :) Қыз балалар да өзін сыйлата білуі керек. Ол ең алдымен сыртқы келбеттен басталады :!:
Ал ұл балалар ше?
Тағы да басқа идеялар болса бізбен бөлісуеріңізді сұраймыз. Бұл біз үшін өте маңызды.
Мұғалім мен оқушы арасында ортақ тіл табысу болуы қажет. Ұрысқақ мұғалімді ешқандай оқушы ұнатпайды, сосын оның пәніне деген қызығушылығы да төмендейді. Мұғалім сабағында тек кітаптың жазғанымен шектеліп қалмай, қосымша материалдармен тартымды әрі қызықты ете білуі керек деп ойлаймын.
Так! Бірінші, мұғалім өзі тартымды болуы керек. Мен әйтеуір есімде бізде тарихтан беретін мұғалім өзі былайынша сымбатты келген жас жігіт болатын. Сондай білімді еді. Бәріміз соған іштей ғашық болдық не керек :mrgreen: Сөйтіп, тарихтан ҰБТ-да 25 балдың 24-ін алдым :) Қыз балалар да өзін сыйлата білуі керек. Ол ең алдымен сыртқы келбеттен басталады :!:


Әрине, мұғалім оқушы үшін қашанда жақсы үлгі болуы қажет!
Білмейім егер сабақ беретін жерге сұлу, әдемі мұғалім қыздар келсе, балалардың барлығы мұғалімге қарап армандап отыратын сияқты ғой, ал соол сыныптың қыздары жаңағы мұғалімге ренжитін шығар жігіттерімізді тартып әкетті деп))))))))
білімді болуы керек мұғалім сұраған сұрағыңның кез келгенін шашып тастауы керек
Оқушының ынтасын жоғарылату үшін ұстаз өзі ізденуі керек. Сарғайып кеткен ескі методикаға зманға сай жаңа дүниелерд енгізуі керек
[b:xkwxj3g8]Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр балаға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қараау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек. Мысалы, бұрынғылар сияқты келе салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң лекция жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балалар әлдеқайда қызық болады.Бұл методты өзім күнделікті қолданамын. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде химия апайымыз жақсы оқитын бір-екеуімізден ғана сабақ сұрап, қалғандарына бәрібір білмейсіндер деп даже сұрамайтын да. Олардан сұрап жүйкемді жұқартқанша, сендерден сұрап отыра берейін дейтін. Ал ол балалар да отыра береді "сен тимесен мен тимейм" деп. Сол оқымайтын балалардың бірі мектеп бітіріп университетте химия биология мамандығына түсіп, жақсы аяқтады. Қазір химия биологиядан сабақ береді. Бұл бір ғана мысал, мұғалімнің сабаққа балаларды қызықтыра алмауының.
Тағы бір әдіс - сабақты пікір талас ретінде өткізу. Бұл әрине гуманитарлық бағыттағы сабақтарға қатысты. Әр оқушының пікірін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қазіргі балалар өте жаңашыл, кейде мен білмейтіндерімді студенттерімнен біліп жатамын.
[/b:xkwxj3g8]