Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Оразаның қазасын өтеу ережелері бар ма?

Оразаның қазасын өтеу ережелері бар ма?

Общий раздел

Оразаның қазасын өтеу ережелері бар ма?

Хабарлама Айтолқын » 22 мамыр 2018, 14:45

Алдын ала рақмет!
Айтолқын
 
Хабарлама: 87
Тіркелді: 22 қараша 2017, 01:50

Re: Оразаның қазасын өтеу ережелері бар ма?

Хабарлама Аслан Қажиев » 22 мамыр 2018, 14:49


Ж: Шарт емес. Ораза тұтушы қаза күндердің арасын қаласа бөліп немесе арасын үзбей тұтуына болады.

С: Рамазан оразасын келесі рамазан айы кіргенше тұтпай кешіктірсе не істейді?
Ж: Әуелі келген рамазан айының оразасын тұтады. Өйткені, бұл уақыты келіп тұрған парыз ораза. Соңынан қаза оразаны тұтады. Оразаның қазасы кешіктірілгені үшін фидия берілмейді.

С: Мойнында рамазан оразасының қазасы бар кісі қайтыс болса. Ол отбасына тұта алмаған оразасының фидиясын беруді өсиет еткен болса, уәлилері (марқұмның иелері) не істеу керек?
Ж: Марқұмның өсиеті артынан қалған дүние-мүліктің үштен бірінен өтеледі. Өсиетті орындаушы туыстары әр қаза ораза күніне бір мұқтаж жанды тамақтандырады[1].

С: Рамазан айының каффараты алпыс күн ораза тұту. Осы алпыс күннің арасын үзіп тұтуға бола ма, әлде бөліп - бөліп ұстауға бола ма?
Ж: Рамазан оразасының каффараты алпыс күн. Алпыс күнді араларын үзбей тұту керек. +

Руслан Қамбаров
Аслан Қажиев
 
Хабарлама: 33
Тіркелді: 20 сәуір 2017, 12:31


Оралу: Жалпы бөлім

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1