"Абай жолында" әке Абайдың образы бар ма?

Абай Ділдәмен үйленіп, он жеті жасында әке атанды. Ақылбай, Күлбадан атты балалардың әкесі. Әке атанған Абайдың бейнесі ол кезде мынадай еді: «Бұл кезде Абайдың да денесі іріленген. Жауырынды, сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып, бар мүсіні балғын, кесек тартыпты. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, ірілеп қалған. Ұзынша қырлы мұрны көтеріңкі, үлкен. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп, кең көсілгендей. Қыс суығынан бет, мұрны тотықса да келбетті маңдайы ақшылданып, айқындап тұр. Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы әлі де тап-таза. Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен. Жіп-жіңішке боп кең созылған ұзын қастары мен ойшыл, отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұрады... Әлі ұзармаса да, теп-тегіс боп, тебіндеп шығып келе жатқан қоңырқай мұрты бар. Барлық тұлғасы сай келген қара сұр жігіт, сонау сұлу болмаса да, ұнамды, сүйкімді».

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/30252/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз