Сценарийдің мағыналық-құрылымдық мағынасын ашып беріңіз

Поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдардың көрінісі – автордың ментальді көрсеткіші. Ақынның санада бейнелеген құрылымдарын мәтіндегі тіл мазмұнының метафоралану арқылы ж\е қандай концепт типіне салынып танылғанын анықтау арқылы байқауға болады. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым. форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтерй фрейм болса, әрбір фрейм тақырыптарың төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер – сценарийлер мен скрипттер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фраграменттерінен құралған. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады. Сценарий концептінің идясын танытатын сюжеттерден құралған. Сценариялық құрылымның деңгейі мәтінде 4 түрлі формада танылады.
1)үстірт – синтаксистік фрейм. Тілдік құрылымда предикаттық байланыс формасында танылады (атау+предикат)
2)үстірт-семантикалық фрейм. Оқиға әрекетіне негізделгенкейіпкер, ондағы құрал-жабдықтар, іс-әрекет, оқиғадан алған ісер, фрейм тармақтарынан құралған фраграменттер.
3) тақрыптық фреймдер – сценарийлер. Мысалы, «махаббат» концептісінің «жүрегіме гүлекті», «өбісіп те өлісіп екеуә отыр», «аймалап адал жүрек төнге саған» деген әр мазмұндағы, әр тақырыптағы құрылымдық мәні арқылы берумен ерекшелене.
4)баяндау фреймі. Тақырыптың мазмұнын ашатын түсініктеме. Мысалы: «махаббат» концептісі «бір бел мен бір бел қосыла алмай – қос ғашық, гүлдерін ұстап, қолдарын бұлған, қоштасып», «мүмкін, сүйіп көңілің басқа бір жан,маған деген жүректі суытарсың» деген шынай н\е жалған махаббат мазмұнын ашып айқын көрсететін концептілік құрылымлармен де танылады.
Демек, сценрий оқиғаға, жағдаятқа құралған фреймдерден құралады.