Фреймнің мағыналық-құрылымдық жүйесін ашып беріңіз

Поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдардың көрінісі – автордың ментальді көрсеткіші. Ақынның санада бейнелеген құрылымдарын мәтіндегі тіл мазмұнының метафоралану арқылы ж\е қандай концепт типіне салынып танылғанын анықтау арқылы байқауға болады. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын концепт типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады ж\е ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады. Мысалы, ӨМІР концептісінің фреймдік құрылымы М.Мақатаевтың поэтикалық мәтінінде «тіршілік», «күнелту», «өмір кешу», «тағдыр», «жан бағу», «таңның атып, кештің батуы» сияқты танымдық элементтерден құралады.
Фрейм- білім қалыптасудағы басты операция. М. Минский адамның көргенінен алған ақпараты мен есінде сақталған ақпаратын модельдеу тәсілін зерттеу арқылы фрейм ұғымын танытты. Ұалым фрейм туралы зерттеуән былай дәлелдейді: «.. мәселен бөлмеген кірген адамның ондағы заттар мен құбылыстардың қандай екенін, қалай орналасқнын, санада сақталған осы ақпараттардың қаншалықтысы ақиқатқа сәйкес келетінін анықтау адам жанындағы модельдердің көрінісі. Бұл модельдер –фрейм деп аталады. Бұл құбылыс фильмнің әрбір кадры секілді санадығы дүниелерді визуалды, стереотиптік жағдайда қабылдап тану негізінде жүзеге асады. Фрейм – жадыда сақталған білімі мен ақпараттың белгілі бір ақиқат дүние шеңберіне ұйымдасқан, адам тәжірибесіндегі сол дүние туралы нақты фрагменттерден құралған ақпарат. Фрейм көп жағдайда дүниенің лексикалық мағынасы, ол туралы тұлғаның энциклопедиялық ж\е экстралингвистикалық білім негізінде санада көрініс табады. Негізінен, фрейм концепт ядросының төңірегіне ұйымдасатын құрылымдық элементтерді ассоциацияландыра отырып ақпарат жинайды».
Демек санада сақталған ақпарат фрейм бала алады. Ол белгілі бір ұғым мазмұнына сай шоғырланса концептілік жүйе құрайды. М. Минскийдің пікірінше, фрейм құрылымы 2 деңгейден тұрады.
1)жоғарғы деңгейге оқыған не жағдаятты нақты талдауға ұатысатын нақты мәліметтер жатқызылады.
2)төмендегі деңгей нақты мәліметтерді толықтыратын қосымша деректерден құралады. М. Минский мұны «бос тізбектер» деп атайды.
Тілдегі фрейм – ақиқат дүниені танытатын ұғымның құрылымдық элементтері болып табылатын лексикалық қатар. Қарапайым фреймде 1 ғана лексема арқылы берілуі мүмкін, ал күрделі фреймдер тіркестер н\е сөйлем арқылы танылуы мүмкін.
Қорыта келе, фрейм типіне салып тануда мынандай қағидаларды ұсынуға болады:
-фрейм-белгілі бір концепт жүйесіне ұйымдасқан санадығы ақпараттар бірлігі;
-ол ассоциациялық қор арқылы танылады.
-концепт жүйесінде ең қарапайым белгілер мен қасиеттер арқылы модельденеді.
-ұғым туралы нақты мәліметтер танытады;
-снада ақиқат дүние туралы алғашқы таным-түсініктерді реттейді.
Мысалы: Мақатаевтің танымында «ӨЛІМ» концептісі мынандай фреймдік тармақтар арқылы танылады «құрбандық», «демі үзілу», «көр», «өмір бар жерде өлім бар», «тірщіліктен шеттелу», «жаны біу» т.б. бұл құрылымдық тармақтар өлім туралы ең қарапайым, яғни фреймдік таным-түсінік боллып табылады.