Концепт ұғымының мазмұнын түсіндіріңіз

Адамзат қоғамы дамып ,өндіріс,мәдениет,ғылым өрбіген сайын ,адамның танымдық,ұғымдық ой –өрісі арта түсетіні заңды құбылыс.Сонда қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні белгілі.Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу.Бұл процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік- концепт.Концеп ұғымы қазіргі тіл білімінде 20-ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады.Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып,ұжымдық,тұлғаның мәдени,рухани ой-санасын,менталитетін тануда қарқытды қызмет атқарады.Сөйтіп,рухани мәдениетті танытатын тірек сөздерді концепт деп атау қарастырылады.Н.Д.Артюнова: «Мәдени концептілер –бұл ең алдымен философиялық терминдердің қарапайым сәйкестігі.Осы ұғымды білдіретін тіл бірліктері ғылыми философиялық, мәдени ұғымдарды таныта отырып,жалпыға ортақ күнделікті қолданыстағы мағыналардың таңбасы бола алады»-деп түсіндіреді.А.К.Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады.Ғалым тілді 3 түрлі семантикалық топқа ажыратады:1.мәдени сөздер,2.Ғылыми сөздер;3.Идеологиялық сөздер.Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінде А.Вежбицкая : «концепт идеалы дүниенің нысаны ретінде танылып ,субьектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады»,- деген тұжырым жасаған.А.Вержицкаяның бұл пікірі С.А.Аскальдов-Алексеевтің : «Концепт санасындағы актілердің мазмұны»,-деген пікірімен сабақтас.Қазіргі тіл білімінде «концепт»ұғымы кең мағынада қолданылады және тілдің семантикасын бейнелеуде немесе тілдің мағынасын айқындауда концептілік құрылымға сүйенеді.Когнитивтік ғылым базасында,терең зерттеу нәтижесінде концептінің санада ойлау әрекеті арқылы қалыптасып,психологиялық ментальді қабілеттер негізінде танылатыны айқындалады.Кең ұғымда ,концет-санадағы ментальді бірліктер мен психологиялық ресурстар қызметі арқылы индивиттің тәжірибесі мен білімін танытатын ақпараттық құрылым.Тіл білімінде концепт кешенді қолданыстағы ұғым болғандықтан,әр қырынан қарастырылды.1.Лингвомәдениеттанымдық аспектіде,концепт-ақиқат дүниесінің санадағы мәдени ,рухани,этикалық,әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады.2.Психолингвистикалық аспектіде концепт-ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер(қабылдау,жадыда сақтау,көру,есту,ұғыну ,сезу)арқылы қабылданған алғашқы ментальді түсініктер ретінде танылады.3.Лингвокогнитивтік аспектіде,концепт-ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы танылатын көрінісі(бейнесі).Әрбір концепті тіл арқылы көрініс табады,концептіні тануда тілдік семалар қызмет атқарады.Дүниені танытатын әрбір сема-санада фрейм,сценарий,ойсурет ,схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер арқылы таңбаланады.Концепт ұғымына берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды.Концепт- дүниенің құндылықтарын танытады;санадағы дүниенің мәнін бейнелейді;тіл арқылы обьективтенеді;субьектінің біліми деңгейін танытады;белгілі бір ұлттық мәдени деңгейі мен менталитетін көрсетеді;әрбір ұлттың танымдық белгілердің мазмұнын ажыратады.Мысалы:қазақ халқында танылған «шаңыраққа қара ту тігу» фреймі «өлім» концептісін танытады;тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды;адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі ;білімді тарату,сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі;белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы.Бүгінгі таңда тұрақты анықтамаға ие бола алмай отырған концептінің негізгі себебі:оның дүниенің әлеуметті-психомәдени жағын қатар қамти отырып,күрделі көп қырлы құрылымынан қалануында.