Әлемнің тілдік бейнесі» деген терминді қалай түсінесіз?

Әлемнің тілдік бейнесі - көрсетілген тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі.Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс.Ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер қазіргі күні көптеп саналады.В.фон Гумбольдттың концепциясының негізіне сүйенсек, тіл адамның ішкіқұбылыстары мен сыртқы әлем көріністерін көрсетеді. Тілдің танымдыққасиетінен әлемнің алуан түрлі құпиясы ашылады десек, тіл шынтуайтындабүкіл этностың өзіндік болмыс бітімін көрсетеді.Ғаламның тілдік бейнесіне тән белгілерге Т.В.Алейникова мыналардыжатқызады: «1. Субъект творящий картину мира, 2. Объект мир или егофрагмент, образ которого воссоздается с помощью творческой активностисубъекта мира, и 3. Форма отражения преставления объекта мира» -деп, ғалым ғаламның тілдік бейнесін тану үшін дүниенің тілдік бейнесіне тәнбелгілердікөрсетсе,Г.В.Колшанскийәлембейнесінеқатыстытұжырымдарды былайша бекіте түседі. «Мышление ест форма и способотражения, то есть оброзавание вторичного, идеального мира в сознаниичеловека, который как бы повторяет объективный мир в способах и формах,присущих человеческому мозгу. Отражательная способность мозга но неязыка отражательной картины мира можно говорить только имея в видумыщления» - деген тұжырым жасайды.
Дүниенің тілдегі көрінісі адамның шындыққа негізделген ілімінен орыналатыны сөзсіз. Ғалам бейнесі адам танымында қарабайыр формада,поэтикалық үлгіде, концептуалды негізде және тілдік сипатта орын алады.Ғаламның қарабайыр бейнесі адамның қарапайым ойлау формасынанегізделсе, концептуальды көрінісі шын ойлаған объектінің адамсанасындағы ғылыми бейнесі және сезімнің танымдық та қорытындысы.Ғаламның поэтикалық және тілдік бейнесі айнала қоршаған әлемніңқарабайыр және концептуалды формасының тілдегі көрінісі болып табылады.Бұл жөнінде О.Г.Дубровскаяның көзқарасы бойынша әлем жайлы барша ақпарат дүниенің тілдік көрінісін құрайтынын, оның негізгі екі қызметі болатындығын, демеколар 1. Әлемнің концептуалды элементтерін көрсету, 2. Әлемнің тілдіккөрінісін тілдік құралдармен түсіндіру керектігін айтады.Ғаламныңтілдік бейнесі деген ұғымға А.Брутянның көзқарасы бойынша: «ғаламныңтілдік бейнесі - табиғи ұлттық тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқыдүние жайлы ақпарат болып есептеледі». Ал, В.Н.Телияныңпайымдауынша, «Ғаламның тілдік бейнесінің константтары, өйткені бұлатаулар арқылы концептуалды бейнеге дүние туралы тілді орныққанкүнделікті түсініктер енеді» - деген тұжырым жасайды. А.Әмірбекова: «Дүниенің бейнесі» деп ақиқат немесе бейақиқатболмыстың санадағы көрінісі деп түсінген дұрыс» дей келе, ғаламның тілдікбейнесіне концептілердің қатысы туралы: «... когнитивтік тіл білімі дүниебейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылысын модельдеуге бағытталады.Дүние туралы түсініктің санада қалыптасуы үш деңгейлі психикалықәрекеттердің өзара қатынасынан туындаған нәтижеге байланысты: біріншісі -сезімдік қабылдау (көру, есту, терімен сезу, иіскеп сезу, дәмін сезу т.б.)деңгейі; екіншісі - түсініктің қалыптасу деңгейі (қарапайым стеротиптер,ассоциациялар, эталондық таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне,санадағы ойсуреттер, абстракция); үшіншісі - ойдың тілдік деңгейі. Санадақалыптасатын бұл операциялар бір дүние туралы ақпараттар жиынтығынтудырады. Осы жиынтық концепт жүйесін құрайды»- дегентұжырым жасайды.