Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика мәселелері

Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған пән.Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, концепт.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнай сөз болмағанымен, тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшұындарының орын алғандығын көруге болады.Жоғарыда аталған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбектерін кезең – кезеңге бөліп, тілтанымдық тұрғыда арнайы зерттеген Э.Оразалиева былайша талдап көрсетеді: «А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады.Ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логткалық – танымдық тұрғыдан келгені байқалады.Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканы арнайы зерттеген тілші – ғалым ретінде Н.Оразалиеваны атауға болады.Ғалым қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан басталғанын,ғылыми негізі айқындалған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бір жүйеге түскен ғылымдар қатарына жататынын, лингвокогнитологиялық әрі лингвоконцептологиялық сараптамадан өткен бес кезеңнен тұратынын, олардың әрқайсысы зерттеу нысанына қарай іштей бірнеше теориялық мәселелерден құралатынынын атап өтеді.Э.Оразалиеваның зерттеулерінде жалпы қазақ когнитивтік лингвистикасының қалыптасуы мен дамуын тұтастыққа ала отырып, оның диахрондық және синхрондық сипатына талдау жасап, хронологиялық тұрғыдан арнайы көрсеткіші ғылыми тұрғыда беріледі.Ғалымның зерделеуінде қазақ тілтаным ғылымдарының даму кезеңдері негізгі бес парадигмаға бөлініп, оның хронологиялық дамуына сипаттама беріледі.1-кезең. «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы – ХХ ғ. 20-45 жж.Негізгі өкілдері: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов.2-кезең.Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы – ХХ ғ. 45-70жж. Негізгі өкілдері: Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев.3-кезең.Тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы – ХХ ғ 65-85 жж.Негізгі өкілдері: К.Аханов, Т.Қордабаев.4-кезең.Тілтанымдық этюдтер парадигмасы – ХХ ғ 70ж.Негізгі өкілдері: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, С.Исаев.5-кезең.Қазіргі когнитивтік парадигмалар – ХХ ғ аяғы мен бүгінгі күндер.