Тіл білімінің жаңа бағыттары

Тіл ғылымының жаңа бағыттары бойынша қалыптасқан Антропоөзектік бағыттарға этнолингвистика,психолингвистика,социолингвистика,когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану.Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің мәселелеріосы бағыттардың негізінде зерттеліп,қазақ тілінің жүйелі-құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті.Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қандай әсер ететінін,қандай қызмет ететінін анықтау мәселелерін шешуге тырысады.Тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау; сана әрекеті; тіл мен құндылықтары; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар.Когнитивтік лингвистика антропоөзектік парадигманың негізгі салаларының бірі.Когнитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған пән.Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, концепт.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.2.Лингвогносеология.Негізгі нысаны – тілдің танымдық қызметін сипаттайтын бірліктер, әлемді танушы адамның танымдық түсінігі ретінде қарастырылатын мәселелер.3.Әлеуметтік лингвистика.Тіл мен қоғам арақатынасын, мемлекеттің тұтастығын сақтайтын, мәртебесін танытатын тілдің саяси, қоғамдық қызметтерін зерттейтін сала.4.Психолингвистика.Тіл мен тұлғаның өзара байланысындағы индивидтің тұлғалық мінез – құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуын зерттейді.5.Лингвомәдениеттану.Тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері қарастырылатын сала.6.Этнолингвистика. Тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу арқылы анықтайтын сала.