Өткен іске өкінбеу керек

1. Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

2. Өмір өлімнен сұрапты: "Адамдар неге сені жек көреді? Ал мені неге сонша жақсы көреді?". Сонда өлім: - Сен тәтті өтіріксің, ал мен ащы шындықпын, - депті.

3. Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.

4. Өткенге өкінудің қажеті жоқ. Тек сол жіберген қателіктеріннен сабақ алсаң болды.

5. Өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Дәл сондай адамдар саған өсуге көмектеседі.

6. Басқалармен өзіңді салыстыра берме, өзіңді төмендетуді қой, сен сиқты жаратылыс енді қайталанбайды.

7. Сен өзіңді бақытты адам секілді көрсете біл, сонда сен шынында да бақытты боласың.

8. Әрдайым жаныңнан табылып, сен үшін бәрін ұмытып, сені кешіріп, күткен адамды бағала. Себебі, ондай адамды, өмір, бір-ақ рет жібереді.

9. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

10. Адамдар екі нәрсенің қадірін білмейді: бірі - денсаулық, екіншісі - уақыт.