EXPO-2017-ге қай елдің басшылары келді?

EXPO-2017-ге қай елдің басшылары келді?
Фото: Today.kz

EXPO-2017 көрмесінің ашылуына 17 елден келген билік өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттер мен премьер-министрлерді салтанатты түрде қарсылады. Сонымен Қазақстанға қай елдің басшылары келді?

Чехия Республикасының президенті Милош Земан жұбайы Ивано Земанмен бірге келді. Люксембург елі көрмеге премьер-министрі Ксавье Беттельді жіберіпті. Қырғызстаннан президент Алмазбек Атамбаев келді. Әрі қарай тізімдеп айтайық, көрмеге келгендер: БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш, Армения президенті Серж Саргсян, Сербия президенті Александр Вучич, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, БАӘ-нің биліктегі патша отбасының мүшесі Мансур ибн Зайд Аль Нахайян, Қытайдың басшысы Си Цзиньпин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Моңғолияның президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов, Сингапур Парламентінің басшысы Халима Якоб, Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі  Наваз Шарип, Испания патшасы Филипп VI, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин. 

М. Оңғарова