Қазақстанда доллар арзандады

Қазақстанда доллар арзандады
Фото: еlements.envato.com

Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,65 теңгеге төмендеп, 443,26 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 20 маусымдағы ресми бағамы 446,87 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 443,83 теңге, ал сатылымда - 448,12 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 441,17 теңгеден сатып алып, 443,78 теңгеден сатып жатыр.

Ж. Қадыржанова